KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Семейде 5 жыл іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды

15.02.2013, 18:00 138


Семейде іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті. Ауыр қылмыс жасаған Ермұрат Төлебаевты полицейлер 5 жылдан соң ұстады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ішкі істер бөлімінің желілік бөлімі бастығы Алмас Ақтаевтың айтуынша, ол 2008 жылы кассир мен күзетшіні атып, 16 миллион теңгені алып кеткен. Сол кезде оның кінәсі толық дәлелденгенімен, ол заң орындарынан қашып кеткен.В

Содан бері Е.Төлебаев еліміздің әр түкпірінде жасырынып жүрген. Полиция қызметкерлері қылмыскерді есірткі заттарын сатып жүрген кезде ұстады. Одан 3 келі марихуана алынды.

Қолға түскен кезде қылмыскер өз атын жасырып, басқа есімді айтқан. Алайда тергеу амалдары кезінде оның нағыз аты-жөні белгілі болды. Енді ол кісі өлімінен басқа есірткі заттар сатқаны үшін де жауапқа тартылады.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив