KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Ауыл кітапханасында балғындардың суретшілер үйірмесі бар

14.02.2013, 18:00 138


Айыртау ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларының «Киндерлино» атты суретшілер үйірмесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әлия Тастенова жетекшілік ететін үйірме күн өткен сайын өз қатарын дарынды балалармен толықтырып келеді.

– Балалардың рухани, мәдени, эстетикалық білімдерін нығайтып, бұғып жатқан шеберліктерін ашу – үйірменің басты мақсаты. Жалпы сурет салу – үлкен өнер. Сондықтан әр баланың мінез-құлқы мен жан дүниесін олардың салған суреттері мен талғаммен қолданған түстеріне қарап білуге болады, – дейді әдемілікке баулып келе жатқан Әлия.

Жетекшінің айтуынша, аталған үйірме жай ғана сурет салу емес, еркін тақырыпта және ертегі кейіпкерлерін әспеттеуге негізделген екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив