Шығыс Қазақстан облысында 20 автокөлік қар тұтқынында қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД –нің баспасөз қызметіне сүйеніп.
«Облыс орталығынан 60 шақырым жерде, «Өскемен-Қалбатау» тас жолының бойында ішінде 40 жолаушысы бар 20 көліктен тұратын автоколонна қарға батып тұр. Жол қызметінің техникасы жолдарды тазалап үлгермеуде» делінген баспасөз парағында.
Бұған дейін «Өскемен-Қалбатау» бағытында да таңғы 9.00-ден жол жоқ екені туралы хабарланған болатын. Алайда қар құрсауында қалған жүргізушілер жол бойында патрульдік қызметтің болмағанын айтады.