KZ
Өскемен
+9°
туман жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Жастардың арқасында Өскемен қардан тазаланып қалды

2.02.2013, 18:00 172


Өскемен қаласында алғаш рет қыста сенбілік өтті. Бұл күні қала жастары соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекке келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№1 кәсіптік-техникалық лицейдің оқушылары сенбілікті Лермонтов көшесінде тұратын 1 топтағы мүгедек Нәзия Нұрахметқызы Байгендинованың ауласынан бастады. Бір сағаттың ішінде жастар аула ішін қардан тазалап тастады.

Жастардың арқасында Өскемен қардан тазаланып қалды
Жастардың арқасында Өскемен қардан тазаланып қалды
Жастардың арқасында Өскемен қардан тазаланып қалды
Жастардың арқасында Өскемен қардан тазаланып қалды
- Біз бүгіннен бастап осы кісіні өз қамқорлығымызға алып отырмыз,- дейді №14 КМС директоры Олеся Салимбаева. – Алдағы уақытта зейнеткерге азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп береміз. Үй іші мен ауласын тазалауға қол ұшын береміз.

Бұл күні жастардың көмегіне зәру болған жандардың қатарында жалғызілікті еңбек ардагері Иван Свиридов, 2 топтағы мүгедек Мария Козлова, басқа да көптеген қарттар болды. Жастар олардың әрқайсысында болып, қолдан келген көмектерін аямады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив