KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Аягөзде жылыжай салынады

6.02.2013, 18:00 132


Аягөздік «Қуаныш» шаруа қожалығының қожайыны Дулат Жәкенбаев «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 50 млн. теңгенің төмен пайызды несиесіне қол жеткізді. Соның нәтижесінде 250 орындық мал қора, мал сою цехының құрылыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір «Қуаныш» шаруа қожалығында мал басы ұлғайып келеді 150 ірі қара, 600 қой, 40 жылқы бар.
Жақында қазақтың асыл тұқымды қызыл қасқа сиырларын, жаңа техника сатып алды.

Техникалар жаңаланғаннан кейін ендігі жерде бау-бақша өнімдерін өндіруді түптеп қолға алған. Өңірдің жері құнарлы болғанмен бұл кәсіппен әлі ешкім толық айналыспаған, биыл ауыл жанынан жылыжай салуды жоспарлаған.
«Қуаныш» шаруа қожалығы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін де назардан тыс қалдырған жоқ.

Өз техникаларымен ауылдың тұрмысы төмен отбасылары мен қарттарға жемшөп жеткізу шаруашылықтың мойнында.

Ауылдағы мектептің спортзалын, күрес залдарын жөндеуден өткізсе, мектептегі тұрмысы төмен отбасы балаларына ыстық тамақ ұйымдастыруды шаруашылық өз қамқорлығына алып отыр.

Ауылды абаттандыру мен мәдениет үйін биыл күрделі жөндеуден өткізу, жол мәселесі де ойға алынған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив