Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды. Катонқарағай ауданындағы Большенарым ауылына кіре беріс тұста «КамАЗ» бен «Нива» көліктері соқтығысып қалды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.
.
Алдын ала тексерулер бойынша бес жолаушының «Нива» көлігінде отырғаны анықталды. Олардың біреуі ер адам, қалғандары әйел адамдар.
Мамандардың айтуынша, "Нива" көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, «КамАЗ» жүк көлігімен қақтығысқан. Жүк көлігінің жүргізушісі аман қалды.
Большенарым ауылына баратын жол айырығы «Өскемен-Рахман қайнарлары» тас жолынан басталады.
Естеріңізге сала кетейік, "Өскемен-Рахман қайнарлары" тас жолында бірнеше күннен бері жол жабық.