KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Әкімдер 4 жылға сайланады

29.01.2013, 18:00 93


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аудандық маңызға ие қалалар мен ауылдық округтер, сонымен қатар, ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау үстіміздегі жылдың қыркүйегінен кешіктірілмей, шілде-тамыз айларында ұйымдастырылуы керек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлімделді. Отырыста баяндама жасаған облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еркінбек Аязбаев әкімдерді жергілікті мәслихаттардың депутаттары сайлайтынын айтты.

– Аталмыш бағыттағы іс-шараларға бас-аяғы бір ай уақыт беріледі. Сонымен қатар, алдағы сайлау науқаны аймақтық маңызға ие болатынын да айта кеткен жөн. Сайлауға қатысатын үміткерлердің жасы 25-тен кем болмауы керек. Және олар облысымыздың тұрғындары болуы шарт, – деді ол.

Үміткерлерді аудан әкімі жұртшылықпен кеңесе келе баламалы негізде ұсынуға құқылы. Мұндай үміткерлердің саны кем дегенде екеу болуы тиіс.

– Президент Жарлығының жобасында өзін-өзі ұсынушы немесе қоғамдық, саяси, үкіметтік емес ұйымдардың
атынан ұсынылғандар сияқты өзге нұсқалар қарастырылмаған. Сондықтан, мұны жұртшылыққа дұрыс түсін-
діре білгеніміз абзал, -деді Е.Аязбаев.

Комиссия төрағасы дауыс беру құпия түрде өтетінін, әкімдер 4 жылға сайланатынын, алайда, өз міндетін дұрыс атқара алмаған жағдайда аудан басшысы сайланған әкімді уақытынан бұрын орнынан босатуға құқылы екенін тілге тиек етті.

Сайлау жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатыны, әрі оны аумақтық сайлау комиссиялары жүргізетіні айтылды.

Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері аумақтық сайлау комис-сиясының төрағасына сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Мысалы, ауылдар мен кенттер әкімдерін сол елді мекендер тұрғындарының өздері сайлағаны жөн болар еді деген пікір айтылды.
Нұржан Кенжеұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив