KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Бородулиха, Үржар аудандарына өлген малдың өтемақысына бөлінген 400 млн. теңгенің қайда кеткені тексерілуде

29.01.2013, 18:00 176


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығына, орынбасары В. Кошелевке қаржы басқармасымен бірлесе отырып Бородулиха, Үржар аудандарына өлген малдың өтемақысына бөлінген 400 млн. теңгенің қайда, қандай мақсатта жұмсалғанына тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өткен жылы мал шаруашылығын қолдау мен дамыту бағытындағы бағдарламалар бойынша Үржар, Бородулиха, Көкпекті, Жарма, Зырян аудандарына бөлінген субсидиялар 76-90 пайыз көлемінде ғана игерілген.

Ал Үржар, Бородулиха аудандарына аусыл мен бруцеллезден өлген малдарға өтемақы ретінде республикалық бюджеттен бөлінген 400 миллион теңге мал сатып алуға, өлген малдың орнын толтыруға жұмсалмаған болып шықты.

Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 2012 жылғы жұмыс қорытындысы мен биылғы міндеттері туралы кеңесте саланы өркендетуге кедергі болып келе жатқан өзге де проблемалар атап айтылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив