KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Семейлік «СТНС 88» кәсіпорны тәулігіне 80-90 дана полимерлі кәріз қақпағын шығарады

28.01.2013, 18:00 139


Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов қаладағы полимерлі кәріз қақпақтарын шығаратын «СТНС 88» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Аталған өндіріс орны тәулігіне 80-90 дана қақпақ шығара алады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Қақпақ құюда палестерол мен мрамор ұнтағы және тағы да басқа қоспалар пайдаланылады. Серіктестік директоры Асхат Мәстекбаевтың айтуынша, қақпақтар 50 жылға дейін шыдайды. Қолданысқа енген күннен бастап 3 жылға дейін кепілдік беріледі.

Кәсіпорын мамандары осы аралықта өнімнің төзңмділігіне толық көз жеткізуге болатындығын айтады. Әр қақпақтың құны 25 – 28 мың теңге аралығында.
Кәсіпорында 11 адам жұмыс істейді. Жергілікті құрылыс компаниялары осы кәсіпорын өніміне сенім білдіре бастаған.

Айбек Мүталапханұлы шаһардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Орынғали Исмаиловқа қаладағы қараусыз, ашық жатқан құдықтарды дереу анықтап, аталмыш кәсіпорынның қызметіне жүгінуді тапсырды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив