KZ
Өскемен
-31°
туман жел 1 м/с, СБ
449.88 486.64 4.83

Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналды

23.01.2013, 18:00 207


Шемонайха аудандық мәдениет үйінде көрнекті қазақ жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойына орай «Оралхан Бөкейдің шығармаларына шолу» атты танымдық кеш өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бағдарламаны ұйымдастырушылар балаларға Оралхан Бөкейдің өмірі жолы мен шығармашылығы тұрғысында қызықты әңгімелеп берді. Жазушының шығармаларының басты тақырыбы - Отанға деген махаббат, анаға, әйелге деген құрмет екені көрнекті түрде түсіндірілді.

Жиналғандарға Оралхан өлеңдеріне түсірілген бейнебаян, «Құлын» пьесасынан үзінді көрсетілді.

Кеш соңында балалар Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық ойынға қатысып, алған білімдерін тексерді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив