KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Облыстық басқармаларда қазақ тіліндегі құжаттар айналымы азайып барады

22.01.2013, 18:00 167


2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстық басқармаларда қазақ тілінде дерек беретін құжаттар айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға азайып қалған, қазір 91 пайызды құрайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Ал қалалар мен аудандардағы мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 93,9 пайызды құрап, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 3 пайызға артты.

Тілдің қолданылуы ел ішінде ала-құла болатыны белгілі. Бір ауданда өзге тілді ағайын көп, екіншісінде қазақ тілін білуге ұмтылмайтын өз қандастарымыздың саны жетерлік. Бұл ретте мемлекеттік органдардың жұмысын тексеру нақты мәселенің бетін ашып береді. Есепті жылы басқарма тарапынан 51 мемлекеттік орган тексерілген екен.

Үш мәрте арнайы ұйымдастырылған курстарда 50 аудармашы кәсіби біліктіліктерін арттырып, сегіз тіл оқыту орталығының базасында 2750-ге тарта тыңдаушы оқып-үйренген.

Облыс Әкімінің нақты тапсырмасына сәйкес, биыл Семей қаласында, Ұлан және Көкпекті аудандарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылмақ.

Ғафура Сәрсембайқызы



Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив