KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Зайсан ауданы тұрғындарының орташа айлық жалақысы 109 257 теңге

16.05.2017, 18:00 398



– Зайсан – облыстағы өндірістік, өнеркәсіптік аудандардың біріне жатады. Білгіміз келетіні, ауданда жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу жайы қалай шешімін табуда? Нақты деректер бойынша айтып бере аласыздар ма?

Ризабек Сәлімұлы,
Зайсан ауданы

Сауалға Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов жауап береді:


– Жұмыспен қамту жайына келер болсақ, уәкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздар саны 609 адам, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 20,2 пайызға азайып отыр. Ресми жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз.

2016 жылы 865 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға артық. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны да көбейіп, 572 адамды құрады.

Ауданның жұмыс істейтін тұрғындарының орташа айлық жалақысы 109 257 теңге, 2015 жылмен салыстырғанда 20,5 пайызға жоғарылады.

Әзірлеген - Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив