KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде суық су кешке дейін беріледі

21.01.2013, 18:00 147


«Өскемен-Водоканал» кәсіпорны облыс орталығының Красина шағын ауданында орын алған апатты жою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 21-қаңтарда 14.30-да Полтавская көшесінде су құбыры жарылған болатын.

Орын алған апаттың салдарынан суық сусыз қалғандардың саны бүгін екі есе азайды. Қазір 300 жеке меншік үйде су жоқ.

- Су колонияның қараусыз қалған құдықтарынан шыға бастады. Жеке меншік үйлерді су басып қалмас үшін бізге Красина кентінде суды мүлде тоқтатуға тура келді. Содан кейін жарылған құбырларды жөндей отырып, суық суды кезең-кезеңмен бере бастадық, - дейді «Өскемен-Водоканал» кәсіпорнының директоры Ержан Әубәкіров.- Кеше сусыз қалғандардың саны бүгін екі есе азайды. Қазір 300 жеке меншік үйге, олардың 2-уі үшқабатты, ауыз суы әлі берілген жоқ.

Алайда тұрғындарға ауызсуы белгіленген кестемен үздіксіз жеткізіліп тұр.

Мамандар кешке дейін апатты толық жоюға бар күштерін салып жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив