KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.35 475.54 4.82

Қар күреу жұмыстары тәулік бойы тоқтамайды

21.01.2013, 18:00 276


Кешеден бері облыс орталығының коммуналдық кәсіпорындары қалың түскен қардың салдарынан тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Кеше күндіз қар тазалайтын техникалар барлық орталық көшелерді қардан тазалауға кіріскен кезде уақытша кептелістер орын алды. Синоптиктердің болжамы бойынша таяудағы күндері күн күрт жылынуы және қардың көп жаууы ықтимал. Сол себепті жолдағы қолайсыздық бірнеше күнге созылуы мүмкін. Осыған орай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі көлік жүргізушілерді қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады.

Бұдан басқа жеке сектордың орталық көшелері де қардан тазалануда.

Мамандардың айтысына қарағанда, биылғы қыста түскен қардың көлемі үш айлық мөлшерден асып кеткен.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив