Семейде қала көшелері мен жаяужолдарды қатты жауған қардан тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы таратқан мәліметке сілтеме жасап.
"Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі берген мәлімет бойынша, 2012 жылдың 26 желтоқсаны мен 2013 жылдың 2 қаңтар аралығында «Мұрат», «Бобровка», «Водный», «Восход», «Шығыс» саяжайларының магистральді автомобиль жолдарын қардан тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Автобус көлігінің жүруі қамтамасыз етілді", делінген хабарламада.