Семей қаласында 500-ден астам студент, ауыл жастары және жұмысшы жастар, жас мамандар, жастардың үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілерінің қатысуымен жастар мен қалалық жастар ұйымдарының Форумы өз жұмысын бастады.
Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, ұлтаралық келісім мен ізгілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ Форум мүшелері жастардың өзара бірлесуін насихаттап, оларды Отанымыздың болашағы үшін қажырлы еңбек етуге үндейді.
Форум аясында жастарымыз Елбасының жуықта жолдаған Жолдауын талқылап, өздерінің жастар саясатына деген көзқарастарын білдіріп, ұсыныс-тілектерімен бөліспек.
Әсел Шайхынова
Мәлімет көзі:Altaynews.kz