KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Өскеменде Тұңғыш Президент күніне орай «Біздің №1» атты форум өтті

23.11.2018, 11:05 220


Облыстағы жастар саны, яғни 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындардың саны биыл 264 990 адамды құраған, бұл – жалпы облыс халқының 19,1 пайызы. Жастардың 166 021-і қалаларда (62,6 пайыз), ал 98 969-ы ауылдық жерлерде (37,4 пайыз) тұрады.


Өскеменде Тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің №1» он сегізінші жастар форумы өтті. Жиналған жастар активі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылады.


Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит келер жыл Елбасының жарлығымен «Жастар жылы» болып жарияланғанын, соған орай тиісті іс-шаралар жоспары әзірленіп жатқанын жеткізді.


– Жаңа жобалардың аясында, әсіресе, бұрын тасада қалып келген жұмыссыз, оқусыз жүрген жастарға жіті мән берілмек. Қазір облыста жұмыспен қамту бағытындағы «Еңбек жастары» және ауыл жастарын қолдау бағытындағы «Жігерлі жастар – ауылға» жобалары қолға алынуда, – деді басқарма басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив