KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 8 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

«Ақ дегелек», «Сұлтан Бейбарыс» ескерткіш күміс монеталары айналымға шықты

20.12.2012, 18:00 126


ҚР Ұлттық банкі 20 желтоқсаннан бастап «Жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар» сериясынан номиналы 100 теңгелік, таралымдары 15 мың данадан «Ақ дегелек» және «Ұлы қолбасшылар» сериясынан «Сұлтан Бейбарыс» ескерткіш күміс монеталарын айналымға шығару туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Таралымы 15 мың даналық «Ақ дегелек» монетасы сопақ нысанды. Бет жағында орталық бөлігінде Қазақстанның елтаңбасының бейнесі, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g.» деген жазу, ұлттық ою-өрнектің екі элементінің бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген. Сырт жағында ортасында батпақты жердің аясында алтын жалатылған Ақ дегелектің бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «АҚ ДЕГЕЛЕК», түрдің латынша аты «CICONIA CICONIA» деген жазу және шығыңқы жиек бар.

«Сұлтан Бейбарыс» монетасының бет жағында орталық бөлігінде елтаңбаның алтын жалатылған бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу, ат үстінде шауып бара жатқан жауынгердің бейнесі, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек және мемлекеттік және ағылшын тілдерінде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында орталық бөлігінде шығыс стиліндегі ғимараттардың стильдендірілген бейнелерінен жасалған коллаждың және шайқасып жатқан жауынгерлердің аясында атқа мінген ұлы қолбасшы Сұлтан Бейбарыс бейнеленген. Айналдыра шығыңқы жиек және ағылшын тілінде «SULTAN BAYBARS» деген жазу, қолбасшының өмір сүрген жылдарын білдіретін «1223-1277» деген сандар, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив