KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 3 м/с, ОШ
441.79 478.77 4.9

Қандастарымыз қағбаны өзі нұсқап тұратын жайнамаз жасады

25.11.2012, 18:00 157


Бір сәт назар аударып көрсек, шетелдегі қандастарымыздың ұлттық құндылықтарға деген ұстанымы айрықша. Тіпті жанындай қастерлейді. Бұл мүмкін Отан дейтін қасиетті ұғымға шексіз сағыныштың әсері шығар. Біраздан бері Алматыдағы қайнаған базар ішінен компасты жайнамаз бен оюлы дастархандарды кездестіре бастағанбыз. Сөйтсек бұл да сол алыста жатқан ағайынның тірлігі екен.

Шелде бір қазақ бір қазақты көрсе жанына жақын тартып, туыстай болып жақсы сыйласып кетеді. Тіпті ұлттық белгісі бар кішкентай дүние болса да жандарына медеу көреді. Сондай бір сүйіншілі заттың бірі – Қытайдағы қандастарымыз ойлап тапқан қазақы өрнекті дастархан мен жайнамаз. Патент иесі Құсайын Манапұлы 1978жылы Бұратала облысының Жыңғылды ауданында дүниеге келген. Тапқырлық иесі бұл өнімдерге "Алатаудың» атын беріпті.

"Алатау" дастарханы ұлтымыздың ерте заманнан келе жатқан ою- нақыштарымен безендіріліп, жоғары сапалы кленка және маталармен жасалған, ал "Алатау" жайнамазының ерекшелігі онда әрқашанда қағбаның қара тасы қай жақта тұрғанын жаңылмай көрсетеуге көмектесетін компас орналасқан. Сондай- ақ сатып алған адамға тәспиық және ақ түсті матадан жасалған бас киімдер қоса беріледі. Осындай қазақтың иісін аңқытатын дүниелер көптеп шықса қазақ көш соңында қалмасы анық!

Мәлімет көзі: Хазірет Әбділда




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив