KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

«Қазцинк» ауаны ластамауға тырысады

10.10.2012, 18:00 182


ҚазцинкКеше облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Бородулиха ауданындағы Жезкент кентіне жұмыс сапарымен барды. Кездесулерде 2013 жылға қарай байқалуы мүмкін әлемдегі экономикалық дағдарыс толқынының алдын алу шаралары жайында да сөз болды. Сонымен қатар облыстық әкімдік пен «Қазақмыс» корпорациясы арасында бекітілген меморандумға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар да аймақ басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, облыс Әкімі «Қазцинк» ЖШС-де де болды.

«Қазцинк» ЖШС мекемесінде де атқарылып жатқан игі істер баршылық. Зауытқа ат басын тіреген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ мұнда іске қосылған қорғасын өндірісінің бүгінгі күннің талаптарына сай өзгешеліктерін көріп, білді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында қорғасынның Айза-қорытпа пеші жағылған болатын. Бүгінде жаңа құрылғының орнатылу, жөндеу-құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пеш толықтай өз қуатына енген.

– Бұл өте маңызды жоба, жасап жатқан ісімізді «Қазцинк» тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі деуге де болады. Аталмыш жоба көптеген түйткілі мол мәселелерді шешеді, яғни, шикізат үнемділігі, электр қуатының қалыпты жұмсалуы, сонымен қатар техногендік қалдықтарды қайта өңдеу сияқты мәселелерге қосар өзіндік үлесі бар. Бүкіл әлемде қорғасын өндірісі өте зиянды болып саналады. Бірақ біз бұл жобаны іске қоса отырып, зауытымыздың экологиялық қауіпсіздігін арттыра түсеміз. Жоба негізінен экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған,– дейді компанияның металлургия бойынша вице-президенті Тұрарбек Азекенов.

Зауыттың жұмыс барысын бақылаған аймақ басшысы қорғасын өндірісінің қайнап тұрған нақ ортасына барып, қызыл шоқ атқылап жатқан пештің маңындағы металлургтермен жүздесті. Қорғасын өндірісінің жай-күйін за-уыт басшылығымен бірге қатардағы металлургтің аузынан естіп білген аймақ басшысы жұмысшылардың жалақысын, әлеуметтік сұраныстарын зерделеп көрді. Қып-қызыл отты көсеп, алып қазандарда қорғасын қайнататын жұмысшылар ай сайын алатын еңбекақыларына разы. Өздерінің айтуынша, олар айына 110 мың теңгеден артық жалақы алады екен. Бұдан соң облыс басшысы зауыт жұмысшыларымен кездесіп, мұндағы негізгі мәселелерге тоқталып өтті.

– Бүгінде «Қазцинк» ЖШС-де 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Әлемде орын алып жатқан дағдарыс толқындарына, зауыт өндірген өнімнің бағасының құлдырауына немесе қандай да бір жағдайларға қарамай-ақ зауыт басшылығы жалақы төлеу және жұмыс орындарын көбейту мәселесін ешқандай кем-кетіксіз орындап келеді. Жұмысшылар тарапынан ешқандай арыз-шағым естіген жоқпыз, ол жағынан басшылыққа алғысымды білдіремін. «Қазцинк» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін алдағы уақыттарда абыроймен атқаратынына сенемін,–деді облыс басшысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив