ҚР жол полициясының бастығы техникалық тексеруді алып тастау мүмкін дейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның ІІМ Жол полициясы комитеті жеңіл көліктердің міндетті техникалық тексеруден өтуінің қаншалықты тиімді екенін талқылауға дайын, деді кеше комитет төрағасы Берік Бисенқұлов.
«Біз әлемдік тәжірибені сараптадық, кейбір елдерде автокөліктің қауіпсіздігі меншік иесінің өзіне жүктелген. Бұл мәселені талқылауға біз дайынбыз», деді Б.Бисенқұлов мәжілісте өткен сала комитетінің отырысында. Отырыста сала басшысы «Жол қозғалысы туралы» заң жобасы мен оған өзгертулерді депутаттар талқысына ұсынды.
Комитет төрағасы жүк көліктерін, автобустарды және жарылғыш заттарды тасымалдаушы көліктерді міндетті техникалық тексеруден босатуға болмайтынын ескертті.
Қазақстанның бас жол полицейі техникалық тексеруден өткізу қазір көлік министрлігінің құзырында екенін айтты.