KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ауылдарға мамандар ауадай қажет

16.09.2012, 18:00 126


Бүгінгі күні ауданда маман жұмысшылардың жетіспеушілігі айқын сезіліп отыр. Жергілікті өндіріс секторына газбен, электрмен дәнекерлеуші мамандар, автослесарьлар, ағаш шеберлері, тас қалаушылар мен механизаторлар ауадай қажет.

Бұл кәсіптердің аға буын кадрлары құрметті еңбек демалысына кетті, ал жастар олардың жолын қууға ынта білдірмеуде. Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, нағыз шеберлер әрқашанда жұмыспен қамтылып, жоғары еңбекақыға қол жеткізіп келеді. Сондықтан да жұмысшы мамандығының беделін арттыру керек. Бұл мәселе жақында болып өткен аудан әкімінің ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде де қозғалды. Тиісті қызметтер басшыларына ауданға
өте қажет болып отырған кадрларды даярлау жөнінде аудан әкімі нақты тапсырмалар берген. Алдағы уақытта мәселенің түйіні тарқатылып қалар деген үміттеміз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив