KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Үржар ауданында асыл тұқымды мал сатып алынды

12.09.2012, 18:00 108


Үржар ауданы Қарабұта елді мекені тұрғындарының малы жұқпалы аусыл ауруына тап болғанда, бүкіл ауданның әбігерге түскені бар. Қазір індетке ұшыраған малдың орны толтырылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауыл тұрғындары үшін көрші Абай ауданының Қарауыл, Көкбай ауылдарынан қылшық жүнді, асыл тұқымды «Еділбай» қойының 450 басы сатып алынды. Ново-Шульба ауданының «Қызыл партизан» серіктестігінен сүт бағытындағы «Симменталь» сиырының 20 бас құнажыны әкелінді, енді 25 басы келеді. Өзіміздің ауданның ішіндегі Елтай, Бақты ауылдарынан да малдар сатып алынуда.

Осы Қарабұта ауылдық округінде ауруға шалдыққан 500 бас қой-ешкі, 243 бас ірі қараның көзі жойылған еді. Енді сол малдардың орнын таза қанды, асыл тұ-қымды малдың басымен толтырып жатыр. «Дулат» шаруа қожалығының иесі Мұхтар Солтанбеков таяуда 16 бас құнажын, асыл тұқымды бір бұқа сатып әкелді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив