KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Мал асылдандыруға мемлекет қаржы бөлуде

10.01.2018, 11:00 153

Жалпы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қазіргі күнде мемлекет тарапынан еркеше көңіл бөлініп отырғаны рас. Ауданның тікелей табыс көзі осы сала болғандықтан, бұған өңірдегі қожалықтар, серіктестіктер мен ұжымдар үлкен қызығушылық танытуда.


Жеңілдіктерді алып пайдасына жаратып отырған ұжымдар баршылық. Мәселен, өткен жылы ауданға асыл тұқымды шаруашылықтардан 172 шаруа қожалығы өз қаражатына 831 бас ірі қара малы, оның ішінде 491 асыл тұқымды бұқа, 317 бас асыл тұқымды құнажын, 16 шаруа қожалығы 1201 бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын, оның ішінде 601 асыл тұқымды қошқар, 600 бас асыл тұқымды қой сатып әкелді.


Бүгінде аудан бойынша 2017 жылы ірі қарадан 22, қойдан 15, жылқыдан 10 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс жасап келеді. Барлық санаттағы малдың ішінде асыл тұқымды малдың үлесі мүйізді ірі қара үш, қой он бір, жылқы он екі жарым пайызды құрап отыр.


Мал өсірушілерді қолдау бағытында нақты игі істер атқарылып, ауылшаруашылығына қолайлы бағдарламалар қабылдануда.


Соның ең бастысы, мал шаруашылығына субсидия түрінде берілетін жәрдем-қаржы. Мұның өзі мал өсірумен айналысатындар үшін үлкен қолдау ғана емес, Ата кәсіпті жаңғыртуға, жұртты ынталандыруға тиімді тәсіл болып отырғаны жасырын емес. Бұл қаржы мал өнімдерінің бағасын арзандату, жемшөп қорын жасау, мал тұқымын асылдандыру сияқты шаруаларға жұмсалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив