KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, С
443.72 482.28 4.9

RADIO ALTAY жаңалықтары - 23 тамыз 2012 жыл

22.08.2012, 18:00 112


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5-ші оқу корпусында Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты стратегиялық мақаласына орай Өскемен қаласының қоғамдық құрылым өкілдерімен кездесті. Кездесуді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ ашты

Өскемендегі бірқатар нысандарды аралағаннан кейін Мемлекеттік хатшы Мұхтар ҚҰЛ-МұХАММЕД шағын шаһар дәрежесін алған Риддер қаласына ат басын тіреді.
Мұхтар Абрарұлы ең алдымен аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВПЕН бірге қалаға ауызсу жеткізіп отырған деривациялық құбырдың жағдайымен танысты.

Мұнан кейін мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхамед Көкпектілік ұстаздар жаңа оқу жылы қарсаңында болатын дәстүрлі тамыз мәслихатын Самардағы мәдениет үйінде өткізді. Шарада өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, биылғы жылдың бағыт-бағдары айқындалды. Онда «Жыл мұғалімі» мәртебесіне Октябрь балабақша-мектеп кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назымгүл Рәшиева ие болып, аудан әкімінің алғыс хаты және 1500 доллар сыйақымен марапатталды.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Бүгін Өскеменде «Өңірлердегі ономастика мәселелері: көше атаулары жазылған тақтайшаларды біріздендіру» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, ұлттық ономастика жүйесін одан әрі дамытудың негізгі қағидаттарын айқындау және де өңірлердегі ономастика мәселелерін нақты жағдайда талқылау мақсатында күн тәртібінде көше атаулары жазылған тақтайшаларды біріздендіру мәселесі қаралып, көше атаулары көрсетілетін көрнекі ақпараттардың республикамыздың әр облысындағы ағымдық жай-күйі анықталып, салыстырылып, көше атаулары жазылатын тақтайшалардың бірыңғай үлгісі талқыланады. Сондай-ақ, өңірлердегі, атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысында қордаланған ономастика мәселелері қаралады.
Дөңгелек үстелге белгілі ғалымдар, республика, облыс, қалалық ономастика комиссияларының мүшелері, облыстардағы тіл басқармаларының басшылары, ономастика мамандары, өңірлік ономаст-ғалымдар, сарапшылар, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысады.

Үржар ауданы Қарабұта елдімекенінің тұрғындарының малы жұқпалы аусыл ауруына тап болғанда, бүкіл ауданның әбігерге түскені бар. Осы бір қиындықтан шығуға аудан әкімі Бауыржан Торғайбекұлы Жанақов өзі бас болып кірісіп, жол көрсетіп берді. Ол кеткен малдың өтеуіне берілген сомаға жаңадан асыл тұқымды мал сатып алып, орнын толтыруға ұйтқы болды. Көрші Абай ауданының Қарауыл, Көкбай ауылдарынан қылшық жүнді, асыл тұқымды «Еділбай» қойының 450 басын сатып алынды. Ново-Шульба ауданының «Қызыл партизан» серіктестігінен сүт бағытындағы «Сементал» сиырының 20 бас құнажыны әкелінді, енді 25 басы келеді. Осы Қарабұта ауылдық округінде 500 бас қой-ешкі, 243 бас ірі қараның ауруға шалдыққаннан соң көзі жойылған еді. Енді сол малдардың орнын таза қанды, асыл тұқымды малдың басымен толтыру өз ретімен жүріп жатыр




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив