KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Ұландық шаруашылықтарға асыл тұқымдық куәліктер берілді

22.09.2013, 18:00 143


Ұлан ауданындағы бірқатар шаруашылықтар Үкімет бекіткен тәртіппен асыл тұқымды малдарды саны мен сапасын бақылап отыратын республикалық палаталарға тіркелді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сүтті cиыр бағытындағы республикалық палатаға тіркелген«Багратион-2», «Борсақ», «Қайрат», «Украинка» шаруа қожалықтары асыл тұқымдық куәліктер алып, осы саладағы өз жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ, республикалық палатаға ет бағытындағы қазақтың ақ бас тұқымды сиырын өсіріп жатқан 18 шаруа қожалығынан 2968 бас түлік тіркелді. Бұл қожалықтар республикалық бюджеттен бөлінген 26,826 млн. теңге демеуқаржыға 306 бас асыл тұқымды мал сатып алды. Бұған қоса, асыл тұқымды мал өсірумен айналысып жатқан 28 шаруа қожалығына Үкіметтен 51,184 млн. теңге демеуқаржы төленбек.

Арнайы құрылған қорлар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алған мал өсірушілер 119 жылқы, 300 қой, 356 ірі қара малын, соның ішінде 32 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуға қол жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив