KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1,9 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

RADIO ALTAY жаңалықтары - 12 қыркүйек 2012 жыл

11.09.2012, 18:00 237


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Аблакетка аумағындағы ішкі әскерлердің №5518 оқу-жаттығу өткізетін аумағына барып, сайыпқырандардың дайындығын көзден кешірді. Сондай-ақ, аудандық учаскелік полиция қызметкерлеріне 53 «Нива» автокөліктің кілтін тапсырды.

Зырянда 32 жастағы жұмыссыз ер адам қалалық мәйітхананы тонау арқылы қаржылық жағдайын жақсартпақ болады. Бірақ ол мәйітханада ұйықтап жатқан жерінде көзге түсіп қалады. Сөйтсе, әлгі жігіт мас екен.

Семей медицина университетінде өз-өзіне қол салу, Дүниежүзілік суйцидпен күрес күніне орай «Өмір тамаша!» атты акция өтті. Бұл шараны медицина университетінің психатрия кафедрасы, студенттік «VEСTOR» қозғалысы ұйымдастырған.

Жуықта Үржарда тарихи-өлкетану мұражайы келіп көрем деушілерге есігін айқара ашты. Мұнда ел қолындағы ата-бабаларымыздан қалған мұралар, естелік заттар, көнеден сыр шертетін ғибратты әр қилы нәрселер жинақталған.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив