KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Наубайхана мен омартаны табыс көзіне айналдырды

31.08.2012, 18:00 227


Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартудың алғы шарттарын белгілеп берген-ді. Соның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының мәні жоғары болғанын айта кету керек.


Ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту үшін өткен жылы ауданымызға 55,5 миллион теңге, биыл 124 миллион теңге шағын несие бөлінді. Былтыр несиені 24 адам алып, соның 12-сі мал сатып алуға, алтауы наубайхана ашуға кіріссе, біреулер ара өсіруге, Алакөл жағасындағы демалыс үйін кеңейтуге мүмкіндік алған.

Аудан орталығынан жырақта жатқан Шолпан ауылдық округінің тұрғыны Нәзигүл Жылқышинова атаулы әлеуметтік көмек алып келген болатын. Несиеге бұрынғы дүкен ғимаратын жөндеп, наубайхана ашты. Қазір тәулігіне 120 бөлке нан, 400 тоқаш пісіреді. Алакөлдің жағасындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Бибігүл Рамбаева да шағын несие алысымен, бос тұрған ғимаратты жөндеуден өткізіп, нан пісіретін жабдықтарын алғасын кәсібін бастап кетті. Қазір күніне 90 бөлке нан өнімін сатуда. Сондай-ақ, Ақшоқы, Үржар, Қабанбай, Алтыншоқы ауылдық округтерінің төрт тұрғыны да шағын наубайхана ашқан.

Көлденең ауылдық округінің тұрғыны Шәкіржан Баянов омарта шаруашылығымен айналысуға бел шеше кірісті. Қазір тиісті жабдықтар мен аралар сатып ала бас-тады. Мұндай нәтижелі іске бастамашы болып жатқан тәуекелшіл жандар баршылық.

– Бүгінде несие алуға тілек білдірушілердің саны күн-нен-күнге өсіп келеді. Кәсіп ашуға ұмтылған азаматтар-дың ауданның дамуына үлкен үлес қосарына сенім мол, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының бас-шысы Б.Ғалиев.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив