KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Мамандардың біліктілігін бағалайтын орталық

31.08.2012, 18:00 112


Облыста мамандардың кәсіби біліктілігін бағалап, жұмыссыздардың жұмысқа тұруына жағдай туғызып, білікті кадрларды іріктеп, таңдауға, кәсіби мамандарды қалыптастыруға бірден-бір мүмкіндік туғызатын айрықша оқыту жүйесі құрылды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақ-стан мемлекеттік университетінде ашылып отырған педагогикалық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған біліктілікті растау орталығы оқытушылар мен ұстаздар қауымын ғана емес, мемлекеттік, әлеуметтік қызметтердегі, кәсіпкерлік саласындағы кез келген маманның білімін жетілдіріп, бағалауға, мамандығын жетік меңгерген кадрларды даярлауға, жоғары оқу орындарының студенттері мен магис-транттарын оқытуға қызмет көрсетпек.

Орталықтағы біліктілікті арттыру, біліктілікті растау үрдістері қазіргі замандық инновациялық оқыту технологияларына, интерактивті әдістемелерге және жаңа психологиялық-диагностикалық құрал-жабдықтарға сүйене отырып жүргізіледі.

Біліктілікті растау орталығы Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, Білім және ғылым министрлігінің бастамасына қолдау көрсету мақсатында құрылып отыр. Осы орталық арқылы педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігі дамытылып, олардың кәсіби біліктілігі туралы шынайы ақпарат беруге жағдай жасалынып, білімді бағалаудың тәуелсіз жүйесі құрылмақ, – дейді білім берудің, білімді бағалаудың жаңа тәсілі жөнінде орталықтың директоры Орынбасар Солтанбекова.

Біліктілікті көтеру орталығы осындағы психофизиологиялық зертхананың электроэнцефаллограф, биологиялық кері байланыс жүйесі техникалары сияқты түрлі құрал-жабдықтары арқылы мамандардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау, дамыту тестілерін әзірлеу, жеке мансап жоспарларын, тұлғаны дамыту бағыттарын құру, біліктілікті арттыру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету қызметтерін көрсетпек. «Мысалы, «Шешендік өнер» оқу секторының қызметіне жүгінгендер аудитория алдында өзін-өзі қалай ұстау керек, қалай мәнерлеп сөйлеу керектігінен бастап өз ойын түсінікті, жинақы етіп жеткізуге дейінгі жәйттердің барлығын қамтып оқытады» дейді аталған сектордың жетекшісі Амантай Жылқыбаева.

«Экономикалық білім беру», «Педа-гогикалық білім беру», «Академиялық дамыту», «Психологиялық білім беру», «Құқықтық білім беру», «Тілдік дамыту», «Ақпараттық технологиялар білімі» «Шешендік өнер» деп аталатын сегіз оқыту бағытынан тұратын біліктілікті растау орталығының қызметі бір оқу курсы үшін шамамен 35 мың теңгені құрайды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив