KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
471.46 504.79 5.53

Мемлекеттік қызметшілерге талап зор

11.06.2017, 18:00 198



Елбасының Жарлығына сәйкес 2013 жылдан бері 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітіліп, айтулы мерекеде әр салада қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерге ерекше құрмет көрсетіліп, кеңінен аталып өтуде. Қай мемлекетті алсақ та, оның өсіп-өркендеуіне мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесіне арналған болатын. Елбасы тапсырмасын сот саласында қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер іс жүзіне асырып, жүйелі жұмыстар атқарып келеді.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен дербестігіне бағытталған шараларды жүзеге асыруға бағытталады. «Заң мемлекеттік қызмет саласында ашық конкурстық іріктеуді қамтамасыз етуге, құзыреттілік негізінде мақсаттық, яғни лауазымдық жоғарылатуға, нәтижеге байланысты еңбекақыны анықтайды. Бұл шаралар мемлекеттік қызметтегі тамыр-таныстық, ағайынға бұрушылық пен заңсыз қамқоршылық жағдайларын барынша жоядынегізінен құжат мансаптық қағидатқа негізделген мемлекеттік қызметке кіру, үміткерлік тәртібін, сондай-ақ құзыреттілік және конкурстық тәсілдерді реттейді.
Осы ретте алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылдау үш сатылы конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асатын болды. Бірінші кезеңде үміткерлердің заңдарды білуі мен шеберлігінің шыңдалғаны, дағдылық мәселелерін анықтайтын құзыреттілік бойынша тестілеуден өтеді. Екінші кезеңде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде үміткерлермен арнайы сұхбаттасу арқылы үміткердің жеке қасиеттері тексеріледі. Соның ішінде этикалық сапаға, тұтынушыға бағдарлануы, тиімділік және жемқорлыққа төзбеушілігі, мемлекеттік қызметтің құндылықтарын жақтау секілді деңгейлері анықталады. Үшінші кезеңде мемлекеттік орган үміткерлердің кәсіби салалық білімін, біліктілігін, икемділігін әңгімелесу арқылы айқындайды. Айта кетерлігі құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіргісі келетін үміткерлер тестілеу мен жеке қасиеттерін бағалау жұмыстары агенттікте өткізіледі.
Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында бірінші кезең шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының 37 соты ақпан айының 27-28 аралығында381 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер аттестациядан және наурыз айының 1-2 күндері үміткерлер заңдарды білу мен құзыреттілік бойынша тестілеуден жоғары деңгейде өтті.
Ал,3 -4 сәуір аралығында екінші кезең бойынша 381 үміткердің жеке қасиеттері сұхбаттасу арқылы тексеріліп, өз нәтижесін берді. Комиссия құрамында Өскемен қаласының мәслихат депутаты Е.Омарбеков, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы (отставкадағы) Шығыс Қазақстан облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасыВ.Кизаметдинов, Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық атқару құқығы кафедрасының аға оқытушыларыЛ.Куманова мен З.Еркінқызы,хатшылықта персоналды басқару бөлімінің бас маманы Г.Нугарова болды.
Сонымен қатар жаңаозық технологияны пайдалана отырып, ақпараттық тенологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі облысқа қарасты басқа сотарымен бірігіп, Семей қаласында және оған жақын орналасқан соттар арасында 1 сәуір күні байланыс арқылы бейнеконференция сұхбаттасу өткізілді.
Конкурстан сүрінбей өтіп, қойылған сұрақтарға жоғары деңгейде жауап берген 28 мемлекеттік әкімшілік қызметкерді лауазымынан жоғарлатуға ұсынылса, 4 мемлекеттік қызметкерді лауазымынан төмендету туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде тәлімгерлер белгілене отырып, үштен алты айға дейінгі аралықта сынақ мерзімі белгіленді. Сынақ мерзімінен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің арасынан өте төмен балл алғандар болған жоқ.
Қазіргі таңда, Шығыс Қазақтан облысының бойынша 37 сотта 559 штат бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер болса, оның ішінде 553 мемлекеттік қызметкерлер өз қызметтерін атқаруда. Жыл сайын мемлекеттік қызметкерге ниет білдірген үміткерлер артып келеді.
«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осы реформаның жеті бағыты мемлкеттік қызметке орналасу тәртіптерімен мемлекттік қызметшілердің жүріс-тұрыс барысы, тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қырлары нақтыланып жоспарланғандығын айқындайды.
Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту болып саналады.
Әр саладағы мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдап, оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған негіздермен жұмыс атқару қажеттігі түсіндіріліп отыр.
Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру – мемлекеттік басқару жүйесі бәсекелестігінің және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудің маңызды факторы. Мемлекет алдында әрқайсымыз белгілі бір салада жауапты істер атқарып келеміз. Дегенмен, мемлекетке қызмет ету, мемлекеттік қызметші болу – үлкен жауапкершілікті жүктейді. Осындай жауапкершілік жүгін сапалы атқару үшін білімің жетік болуы қажет. Ал, атқарған қызметінің сапасы оған деген жеке көзқарасыңа байланысты. Біздің еңбегіміз ең алдымен халық игілігіне арнаулы. Егер сенің жұмысың дұрыс атқарылмай жатса, бұл халыққа кері әсерін тигізіп, өз тарапынан қауымның мемлекетке деген сенімсіздігін туғызады. Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік. Ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Сонымен бірге өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық тіпті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз лауазымын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.
Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Әрине, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мол.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.
Елімізде мемлекеттік салада қызмет ететіндерге өзгелерге қарағанда көп жеңілдік қарастырылған. Баспанамен қамтамасыз ету, балаларды балабақшаға орналастыру секілді қоғамдағы маңызды мәселелері оң шешімін табады деген үмітпен қарап отыр. Осы жағынан алғанда, әрине, мемлекеттік қызметке кіру – дұрыс таңдау болар еді
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Қазір мемлекеттік қызметші жай ғана мемлекеттік жүйенің бір бөлшегі емес, оны жасаушы болуға тиіс болатын уақыт жетті. Елбачсымыз Н.Назарбаев айтқандай, алда келе жатқан цифрлық дәуірдің шынайы мәні креативті шешімдерді және оларды іс жүзіне тиімді асыруға қабілетті басшыларды талап етеді. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші нағыз мемлекетшіл адам- өз еліне пайда келтіргісі келетін және солай жасай алатын патриот болуға тиіс.
Еліміздің егемен де, тәуелсіз ел болып қалыптасу жолында мемлекеттік қызметтің рөлі орасан зор. Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру. Бұл - бәріміз үшін жауапты қызмет. Өз халқың үшін қызмет ету - түсіне білгенге зор бақыт.
Мемлекеттік қызметшілер өзімізді халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, қолдан келгенше түсініп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу - біздің парызымыз. Біз - осыны есте сақтау керекпіз.
Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Елбасы бастамасымен егемен ел қалыптастыруда ауқымды істер атқарылды, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы түзелді. Осындай жетістіктерге жету жолында мемлекеттік қызметшілердің еңбегі ерекше. Олар өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, мемлекетіміздің демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына үлкен үлес қосты. Халық пен билік арасындағы дәнекер іспеттес мемлекеттік қызметшіден мемлекеттік билікке деген сенім басталады. Олардың біліктігі мен кәсіби қабілеті, ел экономикасын көтеруге, мемлекетіміздің гүлденген және қауіпсіз ел болуын қамтамасыз етуге деген ынта-жігері – мемлекетіміздің күші және қуаты.Сондықтан мемлекеттік қызметшілер мерекесі - мемлекеттік органдардың аса маңызды рөлінің, мемлекеттік қызметшілерге деген үлкен құрметтің дәлелдемесі.
Сот саласындағы қызметшілердің әрқайсысы өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Сот жүйесінің және бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстар өте ауқымды. Бүгінгі таңда отандық сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларды орындап қана қоймай, қоғамның мүддесін ойдағыдай шешуде. Судьялар 30-дамыған елдің қатарына кіру мақсатында сот жүйесінің алдына қойған тапсырмаларды орындауда айтарлықтай өз үлестерін қосып отыр.

Ш.А. Ислямова
Өскемен қаласының
мамандандырылған әкімшілік сотының
кеңсе меңгерушісі




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив