KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Семейде «Ұлтаралық қарым-қатынастың негізгі мәселелері» талқыланды

12.08.2012, 18:00 100


Семейде «Ұлтаралық қарым-қатынастың негізгі мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық ішкі саясат бөлімімен «Әмина» мұсылман әйелдер қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып ұйымдастырған басқосуға Семейде тұратын түрлі ұлт өкілдері қаладағы ұлттық-мәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар, діни қызметкерлер мен студент жастар да қатысты. Дөңгелек үстел басына жиналғандар алдында сөз алған қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғалия Смайылова кездесудің өткізілгені орынды екендігін айта келіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне де осы бірлік тірек болатындығына тоқталды.

- Біздің осы тақырыпта бас қосып отырғанымыз алғашқы рет емес. Біз сіздермен бұдан бұрын да неше мәрте кездескеміз. Бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін бұндай кездесулердің жиі болғаны өз нәтижесін береді. Еліміздің өзге өңірлері сынды біздің Семей де көп ұлтты қала. Соған қарамастан барлығымыз қандай істе болмасын тізе қосып, жұмыс жасап келеміз. Болашақта да солай болатынына күмәнім жоқ. Өйткені, бізге қай кезде де ауызбіршілік керек. - деді Ғалия Жақыпқызы.

Пікір-талас алаңына жиналғандар тақырып аясында өз ойларын ашық білдіріп, бүгінгі қоғамдағы ауызбіршіліктің негізгі кілті неде екендігіне жауап іздеді. Мәселен, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері өз ұжымдарында ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, өскелең ұрпақтың бойына сіңірумен қатар, татулық пен бірлікті қоса насихаттау керек деген ойларын ортаға салды. Ал, жиынға қатысқан жастар болса аға буын көрсеткен тәрбиені берік ұстанып, еліміздегі ауызбіршіліктің берік болуы үшін өз үлестерін қоса беретіндерін айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив