KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде көп қабатты тұрғын үй қирап қалуы мүмкін

5.08.2012, 18:00 189



Семей қаласының орталығындағы көп қабатты үйдің тұрғындары “баспаналарымыз қирап қалуы мүмкін” деп дабыл қағуда. Жуырда мұнда ауыр техника пайда болып, үйдің іргетасын түбінен қопара бастаған.

Белгілі болғандай, жеке кәсіпкерлердің бірі 9 қабатты осы үйде дүкен ашпақ екен. Осы мақсатта саудагер бірінші қабаттағы пәтер мен жертөлені қосып сатып алыпты. Ендігі ойы жертөлені ойып, дүкеніне кірер есік жасамақшы. Қолында тіпті әкімдіктің рұқсаты да бар көрінеді. Соның салдарынан жалғыз баспанамыздан айырылып қаламыз деп үрейі қашқан жұрт іргетасы қазылған маңды торуылдаумен жүр, деп хабарлайды КТК арнасы. Жергілікті атқамінерлер де мұның арты жақсылыққа апармайтынын енді түсінген сыңайлы. Жұрт шу шығарған соң қосымша сараптама тағайындалыпты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив