KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

RADIO ALTAY жаңалықтары - 03 тамыз 2012 жыл

2.08.2012, 18:00 70


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын жергілікті тұрғындар арасында насихаттау үшін оқыту семинары өткізілді. Семинар соңында сөз алғандар мақала туралы өз пікірлерін айта келіп, туындаған сұрақтарына жауап алды.

Курчатов қаласында 100 орындық бала бақшаның құрылысы басталды. Бұл жұмыстармен «Тасымал көлігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Қазіргі таңда бала бақшаның құрылысы тездетілген қарқынмен жүргізілуде. Құрылысшылар нысанды биыл жыл аяғына дейін бітіріп, пайдалануға бермекші.

Жарма ауданы Қалбатау ауылының орталық саябағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл күнері саябаққа жарықтандыру бағаналарының жартысынан астамы, орындықтар мен қоқыс ыдыстары толығымен орнатылды. Қалған бағаналарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Саябақтың ортасынан субұрқақ орын алады. Осы мақсатта 300 метр су құбыры тартылып, сутаратқыш құрылғысы орнатылды.

Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұжымы жаз айларында «Мұражайдағы демалыстар» бағдарламасы аясында түрлі көрмелер, фестивальдар, тақырыптық мерекелер ұйымдастыруда. Бағдарламаның басты мақсаты көрермендерге өлкеміздің мәдени және рухани мұраларын құрметтеу сезімін қалыптастыру, аялап, ұқыптылықпен келесі ұрпаққа жеткізу болып отыр.

Шемонайха ауданының «Ақбота» балабақшасында «Бәйтерек туралы аңыз» атты мултьфильмнен көрініс көрсету туралы ерекше іс-шара өтті. Бұл мультфильм кейіпкерлері: Бәйтерек ағашының, Самырұқ құсының, Айдаһардың суреттерін балалар өздері салды. Сондай-ақ, балдырғандардың орындаған әндері қойылымның сәнін аша түсті.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Катонқарағай аудандық №2 медициналық бірлестігінің қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттау, аурудың алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарын тұрғылықты жерлерінде медициналық тексеруден өткізуде. Олар Шыңғыстай ауылында болып, дәрігерлік көмек көрсетіп, аурулардан сақтандыру жолдары жайында дәріс оқыды. Дәрігерлер бұл істі енді Өрел ауылында жалғастырмақшы.

Зырян ауданында жаңа оқу жылына дайындық тыңғылықты жүргізілуде. 10 мектеп жоғары жылдамдықтағы Интернет желісіне қосылды. Прибрежный кентіндегі орта мектептің шағын орталығында жаңа су және кәріз құбырлары тартылды. Соловьево орта мектебінің оқушыларына спорттың қысқы түрімен айналысулары үшін қажетті құралдар алынды.

Бородулиха өңіріндегі аудандық мәслихаттың депутаты Сергей Быков басқаратын «Красый Яр» шаруа қожалығының ұжымы ауылдағы аз қамтылған отбасыларына, жалғызлікті зейнеткерлерге, мүгедектерге үнемі көмектесіп келеді. Жерлілікті емханаға өз қаржысына жедел жәрдем көлігін сатып әперді. Жас мамандарға да қолдау көрсетіп отыр. Рахымжановтар отбасы нәрестелі болғанда 100 мың теңге ақшалай көмектесті.

Күршім ауданы Маралды ауылындағы еңселі клубтың жарты ғасырлық тойы атап өтілетін күн де алыс емес. Бүгінде 62 жасқа келіп отырған Қинаят Құнанбаев өз тірлігін осы клубпен байланыстырғанына 40 жылдың жүзі болып қалыпты. Сонау тоқсаныншы жылдардағы аумалы-төкпелі кезеңде клубты көзінің қарашығындай сақтап қалған еді. Қазір сол еңбегі үшін бүкіл округ жұрты Қинаятқа алғыс айтады.

Өскеменде республикалық туристік экспедициясының ережесіне сәйкес «Менің Отаным-Қазақстан» атты туристік жарыс өтті. Жарысқа Катонқарағай ауданының атынан «Жас турист бекеті» командасы қатысып, бірінші орынды және бас жүлде Кубокты жеңіп алды.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив