KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

RADIO ALTAY жаңалықтары - 20 шілде 2012 жыл

19.07.2012, 18:00 174


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY


Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскемендегі жаңадан салынып, құрылысы бітуге таянған зәулім мешіттің ендігі қалған жұмыстарына Күршім ауданының әр саласында қызмет істеп жүрген 50 азаматы өз ниеттерімен үш күнге көмектесуге келді. Олар өздеріне бекітіліп берілген орындарда негізінен тазалау, жинау, ертінді дайындау, асфальт төсеу жұмыстарымен айналысты.

Бородулиха ауданындағы агроөнеркәсіптік құрылымдарының басшылары машина-трактор паркін жаңартуға жете көңіл бөліп келеді. Биылғы бірінші жарты жылдықта ауыл шаруашылығы құрылымдары 320 миллион теңгенің әртүрлі 52 техникасын сатып алды.

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Фанзу Сәденовке Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» кеуде белгісі салтанатты түрде табыс етілді. Ол таяуда ғана суға кетіп қала жаздаған үш баланы құтқарып алған еді.

Курчатов қаласында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон – эстафетаның екінші кезеңі басталды. 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан құрылған бригадалар құрамындағы 39 адам қаланы көркейтіп, абаттандыруға жұмыстарына белсене кірісті.

Катонқарағай ауылының «Қаратай» спорт кешенінде 30 жастан асқан ерлердің арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған турнир өтті. Демеушілері-осы ауданынан шыққан кәсіпкерлер. Сыйлық қоры 500 мың теңгені құрды. Бірінші орынды Белқарағай ауылдық округінің командасы жеңіп алды.

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лига командалары арасында кезекті турдың ойындары өтті. Семейдің «Спартагы» Талғар қаласының «Ақбұлақ» командасымен кездесіп қарсыластарын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Қазіргі уақытта «Спартак» командасы ойын кестесінде көш бастап келеді.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Көкпекті ауданының Самар ауылындағы мәдениет үйінде облыстық хирургтер қоғамының көшпелі форумы өтті. Аудан әкімі Дүйсенғазы Мусин «100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы аясында Көкпектіде үлкен аурухана қолданысқа берілгенін, былтыр Самардағы ауруханаға келген жеті дәрігер баспанамен, көтермеақымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Прииртыш бройлерлік құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы құс сою және ет өңдеу желісін әлемдегі алдыңғы қатарлы технологиялық құралдармен жабдықтап отыр. Мұнда толық автоматтандырылған голландиялық фирманың сағатына төрт мың бас тауық соятын қондырғысы іске қосылды.

Үржар ауданындағы бес шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 550 ірі қара малын сатып алуға және «ҚазАгроҚаржы» ақционерлік қоғамы арқылы шет мемлекеттен ауданның үш ірі шаруа қожалығы 1110 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу үшін тиісті келісімшарттар жасады.

Семейдегі Түйемойнақ аралында Әлем мұражайы тұрғызылатын болады. Мұражайда Семей сынақ полигонына байланысты барлық дерек-құжаттар жинақталып қойылады.

Жарма ауданындағы үш тірек ауылының бірі болып бекітілген Жарық ауылындағы Абай атындағы көшенің бес шақырымға жуық жолын «Жарма тасжолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеп жатыр. Бұл жобаға 70 миллион теңге бөлінген.

Тарбағатай ауданы Қандысу өзенінің бойындағы қалың тоғайдың арасында орналасқан «Сеңгір» лагерінде әр маусым сайын 40 оқушы демалуда. Мұнда спорттық құрылғылар салынып, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балалар Маңырақ тауына саяхат жасап, әртүрлі спорт жарыстарына қатысуда.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив