KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

«Ертіс» корпорациясы Өскемендегі мешітте ас берді

1.07.2012, 18:00 267


Күн өткен сайын еңсесін тіктеп жатқан Өскемендегі алып мешіттің жұмысшыларына осы аптада «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы түстік ас беріп, құран оқытты, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Облыс Әкімі құрылыстың сапалы болуын, мерзімінде аяқталуын «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының құзыретіне берген болатын. Маусым айының алғашқы он күндігінен бері сол жауапты міндетті арқалап жүрген партия өкілі Есентай Себеновтің сөзіне сүйенсек, бұл күні құрылыс басында 29 мекемеден келген 245 адам жұмыс істесе, 20-ға жуық адам Алла разылығы үшін өз еріктерімен келіп көмектесіп жүр екен. Айта кетейік, еріктілердің саны демалыс күндері бұдан бірнеше есеге көбейіп кететін көрінеді. Бұл жүрегіне иман ұялаған, туған жерін түлетуге білек сыбанып кіріскен азаматтар өңірімізде аз емес деген сөз.

Құрылыстың басы-қасында жүрген жауапты адамдардың сөзіне қарағанда, бүгінде мұндағы жұмыстың 90 пайызы атқарылып қойған. Осы қарқыннан жазбаса, мешітті межелі уақытта халық игілігіне беруге мүмкіндік мол екенін сеніммен айтты Есентай Себенов.

– Бұл – мешіт құрылысына қызмет жасап жатқан азаматтарға біздің тарапымыздан көрсетіп жатқан көмегіміз. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасынан кейін барлық мекемелер атқа мініп, қолдарынан келген көмектерін аямауда, – дейді ас берген мекеме төрағасының орынбасары Бақытжан Құдаманов.

Күмбезін күн сүйген алып ғимараттың құрылыс жұмысы кешкі сағат 9-ға дейін жүргізіледі екен. Тіпті, түнгі ауысыммен жұмыс істейтін құрылыс компаниялары да бар болып шықты. Ал келіп, көмектесем деушілерге жұмыс болмай қалмайды. Жоқ дегенде мешіт маңайындағы көгалдандыру жұмыстары бар. Тек ниет болса, болғаны.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив