KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда жанармай бағасы арзандады

27.06.2012, 18:00 295


Отандық нарықта жағымды жаңалық. Жалынан ұстатпай кеткен жанармай бағасы төмендеді. Бес-алты теңгеге болса да. Бұл туралы еліміздің Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылдың 25-маусымдағы бұйрығына сәйкес «Брент» маркалы мұнай котировкасы мөлшерінің өзгеруіне байланысты мұнай өнімдерінің шекті бағасы төмендетілді, – деп жазады аталмыш агенттіктің баспасөз қызметі.

Соған сәйкес ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бас-тап қосымша құн салығын қоса есептегендегі дизельдік отынның литрі – 90 теңге, АИ 80 маркалы бензиннің литрі – 86 теңге, АИ 92 және 93 бензиндерінің литрі 106 теңгеден саудаланатын болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив