KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Қазақстанда мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағасы бекітілді

8.03.2013, 18:00 251


Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстанда Аи-80 және Аи-92 маркалы жағармай мен дизельді отынның бөлшек саудадағы шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйеніп.

Баспасөз парағында хабарланғандай, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығымен республикада мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағалары бекітіледі. Қойылған шектеу бойынша бағалар былайша анықталды: Аи-80 және Аи-92 маркалы жағармайдың бір литрі сәйкесінше 89 және 110 теңгеден, дизельді отынның бір литрі 102 теңгеден аспауы керек.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығы ҚР Мұнай және газ министрлігімен келісілген.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив