KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

«Шұғыланың» шұбатына сұраныс өте көп

12.06.2012, 18:00 53


Өскеменнің халқы қаладағы хайуанаттар бағынан тамашалап жүрген түйе түлігін Қарабұлақ ауылдық округіндегі «Шұғыла» шаруа қожалығы нағыз кәсіп көзіне айналдырып отыр.

Бүгінгі таңда облысымызда түйе тұқымы сиреп кеткенімен, кезінде ол көшпенді ба-баларымыздың көмпіс көлігі болғаны белгілі.
Шұбаты дертке шипа болатын ойсылқа-раның жүні де оңай табыла бермейтін өнім көрінеді. Бірақ ол – барды ұқсата білетін басқа елдерде болмаса, біздің елімізде әлі де дами қоймаған шикізат.

«Шұғыла» шаруа қожалығының иесі Қуаныш Ыдырышев қазір 30-ға тарта түйе өсіріп отыр екен. Бір тәуірі, біздің облыс көлемінде түйе өсіретіндер аз болғандықтан, мұндағы түйелердің шұбатына деген сұраныс өте көп көрінеді.

Біз шаруа қожалығына барғанымызда түйелер жайылымда болып шықты. Тек«кісіге жүгіреді» деп, қолға алып қалған бураны ғана көрдік. Жануардың жанарында жасын ойнап тұрды...




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив