KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Волейболшыларымыз Павлодардан жеңіспен оралды

10.06.2012, 18:00 128




Павлодар қаласында мектеп және колледж оқушыларының VІ спартакиадасы бағдарламасы аясында волейболдан жарыс өтті.

Біздің облыстың командасы шаршы алаңдағы бәсекелерде жарысқа жақсы даярлықпен келгендерін көрсете білді. Олар Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының командаларын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, шешуші кезеңде Павлодар облысының, Астана қаласының волейболшыларын тізе бүктірді. Жарыс қорытындысында жеті ұпаймен жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді. Екінші, үшінші орындарды төрт ұпайдан жинаған павлодарлықтар мен астаналықтар бөлісті.

Волейболшылар Александр Жуков, Иван Веригин, Самат Сүлейменов, Хаджиакпер Нұрболат, Ерасыл Қибатолданов, Евгений Якутин, Иван Крюков және басқалары біздің команданың осындай табысқа жетуіне өз үлестерін қосты.

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқушыларынан жасақталған команданы Нұрлан Әскетаев пен Болатбек Дауымов сынды бапкерлер жаттықтырды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив