KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде балабақша салатын жер жоқ

10.06.2012, 18:00 208



Семейде балабақша мәселесі әлі де толық шешімін таппай келеді. Әрине, балалардың бақшаға баруы үшін тізімге ілікпеген жағдайда, мектептерден ашылған шағын топтарға баруына болады. Бірақ, ондай орталықтар небәрі үш, үш жарым сағатқа ғана негізделген.

Қалалық мәслихаттың кезекті отырысында осы мәселе тілге тиек болды. Кезінде балабақша ғимараттарының дені жекешелендіріліп, сатылып кеткені белгілі. Оның үстіне қаладағы балабақшалардың басым бөлігі 1960 – 1980 жылдар аралығында тұрғызылғандықтан, жаңа ғимараттар керек-ақ. Сондықтан да 2010 – 2014 жылдар аралығында қаладағы бос жатқан жерлерге «Балапан» бағдарламасы бойынша бес балабақша салынуы керек еді. 140 орындық бір балабақшаның құрылысы өткен жылы басталуы тиіс болса да, «жер жоқ» боп тұр.

Десе де, қазақтың байтақ жерінен орын табылмады дегеннің өзі қисынсыздау. Шыны сол, қала ішіндегі бос жерлердің бәрі сатылып кеткен көрінеді. «Қаланың бас жоспары қабылданды, енді келесі жылға дейін Семейдің әр ауданынан жеті бірдей жер телімі бөлінуі тиіс» дейді депутаттар.
Кезінде қолды болып кеткен балабақ-шалардың ішінен Чехов және Лермонтов көшелерінің бойындағы балабақшаларды иелері мемлекетке қайтаруға құлшынып-ақ отыр екен. Сөйтсек, оның алдыңғысы 1967 жылы салынған, ал қалғандары құлауға шақ тұр. Бүлдіршіндердің тәрбие орталығы болмақ түгілі, тозығы жетіп, тозаңы шығып тұрған ғимарат енді кімге керек болсын?..

Сессияда балабақша ғимаратының жетіспеушілігіне қоса, қалада жұмыс істеп тұрған балабақшалардың ақысын көтеру мәселесі де қозғалды. Ал оған ата-аналар үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Оның да қисыны бар екен. Мәселен, бір отбасынан екі бала бақшаға барса, оларға кететін шығын жиырма мыңнан асып кетеді екен!

Дегенмен, сессияда талқыланып, шешім шығарылғанымен, бұл мәселе жуық арада шешімін таба қоймайтын сияқты. Оған түбегейлі кедергі болатын мәселелердің бір парасы жоғарыда айтылды. Енді болжауы жасалған істің болар кезін тек уақыт көрсете жатар...

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив