KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 2 м/с, СБ
439.43 473.31 4.82

Аягөзде балабақша мәселесі толық шешілді

20.11.2017, 09:43 202

Ауданда еліміздің болашағы саналар өскелең ұрпаққа, білім саласына ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан да аудандық бюджеттің де басым бөлігі білім саласына бағытталған.


Осыған дейін негізінен қала, кент, ауылдық округтердегі білім ғимараттарының ағымдағы және күрделі жөндеулеріне көптеп көңіл бөлініп, нәтижесінде ұзақ жылдар өзекті саналатын балабақша мәселесі аудан орталығында толығымен шешілді. Атап айтқанда Аягөз қаласында 30 орындық «Ботақан», 75 орындық «Балбөбек–Амина» және «Айым» жеке меншік балабақшаларында мемлекеттік тапсырыс арқылы қосымша 60 орынға 4 топ ашылды. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары аяқталған 140 орындық балабақша да өткен жылы өз жұмысын бастады.


Мектептерде оқушылар орнының жетіспеушілігін шешуде 2015 жылы 600 орындық мектеп ашылса биылғы жылдың қаңтар айында Ақтоғай кентінде жаңа заман талабына сай жөнделген 130 орындық мектеп пайдалануға берілді. Сол сияқты, №3 орта мектеп қайта жаңартылып, 500 орындық №9 бастауыш аралас мектеп болып өз жұмысына кірісті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив