KZ
Өскемен
+28°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Жармада жұмыссыздардың саны азайды

7.06.2012, 18:00 120


Жарма аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы, бос жұмыс орындары жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге арнайы жұмыс берушілер: аудан көлеміндегі ЖШС-лер, шаруа қожалықтары және кәсіпкерлер шақырылды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы А.Жанақов 2011 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 88 адам әртүрлі мамандықтар бо-йынша қысқаша курстық дайындықтан өтіп, жұмысқа орналастырылғанын баяндады. Әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адам, жұмыс берушілерге 26 адам жолданған.

«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының жетекшісі А.Сахметжанова, «Шалабай» ЖШС-нің заңгері Б.Майжеринов, «Береке-Бірлік» қожалығының басшысы С.Искаков әлеуметтік жұмыс орындары жөнінде, жұмысшыларды құжаттандыру кезеңінде туындайтын қиындықтар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасындағы келісім-шартқа отыру мәселелері турасында ой бөлісті.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив