KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Биыл түлектердің үштен бірі ҰБТ-дан «құлады»

7.06.2012, 18:00 171


Биыл түлектердің үштен бірі ҰБТ-ның шекті деңгейі - 50 балдан аса алмады.

Білім және ғылым министрлігінің алдын ала нәтижесі бойынша, қазіргі уақытта ең жоғары баллға тек 2 түлек қол жеткізген. «Алтын белгі» медалінің 5 мың үміткері ішінен тек жартысы ғана өз білімдерін қорғай алды. 100 баллдан асырғандардың саны 10 мың. Бұл барлық түлектердің 10 пайызы ғана.

«Әрбір мектептің оқушылары сынақ базасы бойынша орташа есеппен 7-8 рет алдын ала тестілеуден өтті. Бізде орташа жағдай бойынша шамамен түлектердің 28-32 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті деңгейінен аса алмауы мүмкін деген болжам бар. Биыл ҰБТ-ның ең шекті деңгейі 50 баллды құрайды», - деп атап көрсетті Махметқали Сарыбеков.

Сегіз күннің нәтижесі бойынша, аппеляциялық комиссияға 876 түлек арыз түсірген. Оның 40 пайызына баллдар жоғарылатылды.

Айта кетейік, ҰБТ 1-15 маусым аралығында арнайы жабдықталған 154 пунктте өтіп жатыр. 107 пункт аудан орталықтары мен қалалардағы мектеп ғимараттарында орналасқан, ал қалған 47-сі облыс орталықтары мен Астана және Алматыдағы жоғары оқу орындарының ғимараттарында жабдықталды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив