KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Кеденшілер арасында «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» байқауы өтті

5.06.2012, 18:00 207


ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» атты байқау өткізілді.

Жеке құрам бойынша екі топқа бөлінген қатысушылар мемлекеттік рәміздерге байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, Отан, туған жерге қатысты жасырын мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Сондай-ақ байқау қатысушылары мемлекеттік рәміздер туралы ой- толғаныстары, пікірлерімен алмасты.

Сайыс нәтижесі бойынша белсене қатысқан құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері Қ.Нұрбеков, С.Атажанов, А.Балауова, Р.Маметов, А.Исаханова, Р.Қажикеев, Н.Закиевке және спорт жарыстарында жеңіс тұғырына көтеріліп әлемнің әр түкпірінде еліміздің көк туын желбіретіп жүрген Департамент спортшылары қол күресі бойынша Азия чемпионы, биылғы жылғы мамыр айында Таразда өткен республикалық армрестлинг чемпионатында бірінші орын алған Алла Танюшкина және самбодан әлем чемпионы, дзюдо күресінен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Атланта Олимпиадасының қатысушысы Руслан Сеилхановқа Департамент бастығы А.Б.Малғаждаров алғыс жариялады.

Жүрегі «Отаным» деп соғар әр мемлекеттік қызметкердің рәміздерге деген құрметі биік рухта болуы тиіс. Сондықтан әрбір кеден қызметкері үшін мемлекеттік рәміздер ұлттың мақтаныш нысаны екені анық.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив