KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2,4 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Өскеменде ойын бизнесінен пайда тауып келген полиция қызметкері ұсталды

30.05.2012, 18:00 128


Өскеменде қаржы полициясының қызметкерлері заңсыз кәсіпкерлікке «қамқорлық» көрсетіп, ойын бизнесінен табыс тауып келген Өскемен ІІБ-нің полиция қызметкерін ұстады, деп хабарлайды облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Департаментке Өскемен қаласының орталығындағы Қазақстан көшесінде орналасқан тұрғын үйде ақшалай ұтыс беретін ойын автоматтарының залы орналастырылғандығы туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде ақшалай ұстыстар беру фактілері расталған. 21 мамыр күні ойын залы операторының ақшалай ұтыс беру фактісі тіркеліп, сол күні тексеру барысында ғимараттан 30 ойын автоматы алынды. Ойын бизнесіне өскемендік полиция қызметкері «қамқорлық» көрсетіп келгені анықталып, 29 мамыр күні ол қамауға алынды.

Оған ҚР ҚК-нің 269-бабы, 3 бөлімі «Мемлекеттік функцияларды орындауға тиісті өкілетті тұлғаның қамқорлық жасаумен байланысты ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша айып тағылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив