KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

RADIO ALTAY жаңалықтары - 28 мамыр 2012 жыл

27.05.2012, 18:00 164


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ екі күндік жұмыс сапарымен Семей қаласында болды. Жұмыс сапарының алғашқы күні зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жыл сайынғы дәстүр бойынша бір топ азаматтарды облыстың мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттады. Ал жұмыс сапарының екінші күні облыс басшысы қаладағы бірқатар құрылыс нысандарында, жылу қазандықтарында болып, қазіргі жағдайларымен танысты.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қала және қала маңындағы мектептердің 7-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ халқының этнографиясы» атты сайыс өтті. Бұл іс-шара мектеп оқушыларының назарын өлке тарихына, оның ішінде ең маңызды тарихи кезеңдеріне аударуға арналды

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және оларды қолдау мақсатында «Ертіс» әлеуметтік тұтыну корпорациясы» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысында «Жайлау» бағдарламасын іске асырып жатыр. Оған облыстық бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Қазірдің өзінде Абай ауданының тұрғындары бағдарламаны іске асыратын операторлармен 50 миллион теңгенің келісім -шартын жасасты.

Үржар ауданындағы Алтыншоқы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мерейлім Жағыпар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен облыстық олимпиадада бас жүлдені жеңіп алды. Өзінің білімі мен еңбегінің арқасында ол Семей мемлекеттік педагогикалық институты ректорының грантына ие болып, осы оқу орнында тегін білім алуға өзіне жол ашты.

Абай оқулары байқауы Ұлан ауданының Алмасай ауылындағы Абай орта мектебінде және Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы Бозанбай ауылының мәдениет үйінде өтті. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Айыртау ауылдық округінен Күнтуған Мөлдір енді облыстық байқауда Ұлан ауданының намысын қорғайтын болады.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив