KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Ең ұзақ жасайтындар - астаналықтар екен

20.05.2012, 18:00 206


ҚР Статистика агентігінің мәліметтері бойынша, қазақстандықтар арасында ең ұзақ өмір сүретіндер - астаналықтар екен.

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Астанадағы өмір сүру ұзақтығы, болжаммен 73,25 жылды құрап отыр. Таратып айтсақ, ерлер - 68,95, әйелдер - 77,51 жыл жасайды екен. Ал өмір сүру ұзақтығының ең төмен көрсеткіші Солтүстік Қазақстанда тіркелген. Мұнда тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы - 66,51 болса, оның ішінде ерлер - 61,2, әйелдер - 72,23 жыл жасайды, дейді baq.kz.

Сонымен қатар агенттік кейнгі он жылда еліміздегі өмір сүру ұзақтығы үш жарым жылға артқанын мәлім етті. 2001 жылы бұл көрсеткіш 65,8 жылды көрсетсе, 2011 жылы 69,01 жылға жетіпті.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив