KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

5 млн теңгенің тауарын заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды

16.05.2012, 18:00 213


Шығыс Қазақстанда Қытайдан Ресейге 5 млн теңгенің тауарын заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды. Шекарада рәсімделмеген жүк көлігі Майқапшағай кеден бекетінде тоқтатылған.

Ресейге жол тартқан жүргізуші Қытайдан «бос жүк көлігін ғана сатып алып келе жатырмын» деп бірден темір тұлпардың құжаттарын көрсетіпті. Алайда тіркемені ашқан кезде, ішінен нығыздала тиелген қап-қап тауар шықты. Белгілі болғандай құны 5 млн теңгеден асатын киім-кешекті кәсіпкер кедендік салықтың бір тиынын төлеместен, алып өтпек болыпты. Жалпы бұл тауар үшін ол 2 млн теңгеден астам кедендік төлем жасауға тиіс екен, дейді КТК арнасы.

Бұлтартпас айғақтарға қарамастан көлікті тақымдаған азамат «контрабандалық жүктің көлігінде қайдан пайда болғанын білмеймін» деп міз бақпай отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив