KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Майқапшағай кеден бекетінде рәсімделмеген тауар ұсталды

22.01.2013, 18:00 278


«Майқапшағай» кеден бекеті қызметкерлері «Вольво» маркалы көлік құралы мен жартылай тіркемесін тексеріп қарау барысында мәлімделмеген және кедендік бақылаудан жасырылған аса ірі көлемдегі халық тұтыну тауарларын анықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО бойынша КБД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш тауарлар автокөлік құралының жүк бөлігінде жасырылған. Жүкті алушы Ресей Федерациясында тіркелген фирма екені анықталды.

ШҚО бойынша КБД Кедендік кірістер басқармасы есебіне сәйкес ресімделмеген тауарлардың кедендік құны 9 552 483, 56 теңгені құрады.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 209 – бабы 2-бөлімі «г» тармақшасында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, ҚР ҚПК 192-бабына сәйкес тергеуге тиістілігіне қарай алдын-ала тергеу органдарына берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив