KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Алакөлдің жағалаулары құлап, Қабанбай ауылына таяп келе жатыр

15.05.2012, 18:00 151


Алакөл қазақтың баға жетпес құдіретті көлінің бірі деуге әбден болады. Бұл күміс толқынды мөлдір көлге ел-жұрт алыстан ат сабылтып тек демалу үшін ғана емес, ем алу үшін де келіп жатады.

Алакөлдің адам саулығы үшін берер күш-қуаты керемет. Сондықтан болар, Мақаншы мен Алакөлдің аралығындағы жолдың қырық құрау нашарлығына қарамастан жұрт бұл қасиетті көлге құштар. Оған барар жол әбден азып-тозып кеткен.

Алакөлдің жағалауы жылдан-жылға құлап жатыр. Бұрынғы жағаны жағалап өтетін асфальт жолдың да, «Дорожник» демалыс үйлері тұрған жерлер де қазір көл астында жатыр. Демалыс үйі асханасын жылда ары жылжытып әлек. Бұрынғы жағалай тұрған киіз үйлер де ауылға қарай шегініп барады. Бірақ бұған көңіл аударып, жағаны шегендейік деп жатқан ешкім жоқ.

Алакөлдің жағалаулары құлап, Қабанбай ауылына таяп келе жатырБылтыр мен биыл аудан әкімшілігінде көлге қатысты қаржылық-сметалық құжаттар дайындалып, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне берілді. Бірақ қаржы әлі бөлінген жоқ. Мұны бізге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қайрат Рахимбеков айтты.

Көлдің басқа жағалаулары да құлап, жағасындағы Қабанбай ауылына таяп келе жатыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив